Жастар қаланы тазартып жатыр

Screenshot_2.png

Шымкентте «Жасыл ел» еңбек жасақтары қала аумағын күл-қоқыстан тазарту жұмыстарын белсенді жүргізуде. Бұл жолы жастар Ынтымақ-2 шағынауданында сенбілік өткізді. 

Қаланы көркейтуге 200-ге жуық жас атсалысты. Жұдырықтай жұмылған қыз-жігіттер қала көркін қашырып тұрған күл-қоқыстарды жинастырып, қоршаған ортаның көркеюіне қолғабыс жасады. Олар көше бойында шашылған қатты қалдықтарды теріп, қоқыстарды жүк көліктеріне тиеді.

– «Жасыл ел» бағдарламасы жазғы маусым кезінде студент-жастарды жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді.  Үшінші мегаполисте биыл 1200 жас бағдарлама аясында еңбек етуде. Төрт аудан әкімдігімен бірлесіп 10 рет сенбілік өткіздік. Әр тазалау кезінде 400-500 қап қоқыс жиналады. Жастардың белсенділігі байқалады. Жұмысқа ынталы жастардың жылдан жылға қатары артып келеді. Тамыз айында екі айлық  жобамыз аяқталады, - деді «Жасыл ел» жобасының үйлестірушісі Абай Андабаев.

Жастар осыған дейін Қаратау, Еңбекші аудандарында болып, тазалық жұмыстарын атқарған. Еңбек жасағына жұмылдырылған 16-29 жас аралығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен белсенді жастар қосылған. Оларға 42500 теңгеден жалақы төленеді. Ал белсенділік танытқан қыз-жігіттер екі айлық жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы марапатталып, сыйлықтар табысталады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер