"Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар - білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды», - деген Мемлекет басшысы жалпы кітапханалардың жүйесі мен жұмысын ұйымдастыруға жаңаша көзқараспен қарау қажеттігін баса айтқан болатын.
Презденттің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы тұрғындарының кітап оқуға деген құштарлығын арттыру және заманауи талаптарға сәйкес жұмысы жаңашыл форматқа өзгертілген жергілікті кітапханаларға оқырмандардың қызығушылығын жоғарылату мақсатында ерекше жоба қолға алынды. Жоба аясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастауымен бірқатар қызмет көрсету орындарымен оқырмандарға ерекше жеңілдіктер берілуі жайында келісім түзілді.
Алғаш қадам ретінде Шымкент қаласының бірнеше аялдамасында және сауда ойын-сауық орындарында еріктілер тарапынан —— “White card” оқырман билеті таратылды.“White card” ерекше оқырман билеттерінің алғаш сатысы болып табылады. Кітапханада тіркелген азаматтарға оқылған кітап саны және олар бойынша жазылған ой-пікіріне сәйкес “Blue card”, “Silver card”, “Gold card” және “Diamond card” оқырман билеттері ұсынылады. Кітап оқуда белсенділік таныту қарқынына қарай оқырмандарға демеушілер тарапынан берілетін жеңілдік көлемі мен сыйлық саны да артады.