Шымкенттегі «Рухани жаңғыру» орталығының жұмысына оң баға берілді

Screenshot_11.png

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боханова Шымкенттік әріптестерінің жұмысына оң бағасын берді. Ол өзінің Шым шаһарға іс-сапары барысында көптеген жаңашылдықтар мен өзге өңірлерде кездеспейтін ерекше жұмыстардың атқарылып жатқандығы назарына іліккенін жеткізді.

"Шымкенттегі жұмыстарға оң баға беремін деп айта аламын. Мұнда басқа өңірлерде кездеспейтін өзгешеліктер бар. 10 бағытта да жұмыстар жасалып жатыр. Рухани жаңғыру тек гуманитарлық бағытты қамтып қоймай, үкіметтік емес ұйымдармен де жұмыс істеуде",- дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,  «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боханова.

Орталық басшысы іс-сапар барысында кезекті кездесуді Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі «Рухани жаңғыру» орталығының өкілдерімен өткізді. Университет қабырғасындағы орталық жұмысымен танысқаннан соң, оқу ордасын да аралап көрді. Елордалық маман, жоғарғы оқу орнындағы жастарды «Рухани жаңғыру» тұрғысынан тәрбиелеудің маңызды екендігіне тоқталып өтті. 

Айтып өтейік, 2021 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ұлттық жаңғыру  кезеңіне өтудің Жол картасы форматына ауысты. Жол картасы негізінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы негізінде, сондай-ақ, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған идеялары негізінде әзірленген.  



 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс
  • Президент парламенттік реформа жасау туралы бастама көтерді
  • Тоқаев: Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық ел болуы керек
  • Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер