«Жұлдызда» құрылыс қарқынды

Screenshot_30.png

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «Жұлдыз» индустриалды аймағының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын пысықтады.

Нысан екі жобадан тұрады. 1-ші жобада 12,5 шақырым ауыз су, 58,2 шақырым электр желісі, 8,9 шақырым табиғи газ, 11,4 шақырым кәріз жүйелерінің құрылысы қамтылған.

Бүгінде мердігер мекеме «Turan Energo Group» ЖШС 8 шақырым ауыз су және 10 шақырым кәріз жүйелерінің траншеяларын қазу жұмыстарын орындады. Нысан 2022 жылға өтпелі.  2-ші жоба бойынша 13,2 шақырым автомобиль жолының құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Impuls» ЖШС тарапынан жұмыстардың 10 %-ы атқарылды.  Ағымдағы жылға №2 учаске аумағында 2,4 шақырым жол құрылысын аяқтау үшін қосымша қаржы қажет. Аталған нысан құрылысы да келесі жылға  өтпелі.

Шымкент қаласында аумағы 306 га «Жұлдыз» индустриалды аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны 2021-2022 жылдары іске асыру жоспарланып отыр. Онда құны 100 млрд тенгені құрайтын 30-ға жуық  инвестициялық жобалар жүзеге аспақ. 

Ал "Оңтүстік" индустриалды аймағында 72 жоба іске қосылып, онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды және оған 62 млрд теңгенің инвестициясы тартылған. Ал "Тассай" индустриялды аймағында жалпы құны 26,3 млрд теңгелік 17 жоба іске қосылып, онда 1 мыңға жуық жұмыс орындары ашылған. 

Шағын және орта кәсіпкерліктің әрі қарай дамытуды және бекітілген индикаторлардың орындалуын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы арқылы қол жеткізілетін болады.   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ — ХАЛЫҚТЫҚ ДУМАНҒА ҰЛАСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ПРЕВРАТИЛСЯ В НАРОДНОЕ ТОРЖЕСТВО
  • Шымкенте торжественно отметили День Республики и 35-летие Декларации о государственном суверенитете
  • Шымкентте Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтт
  • «Нужно ценить каждую минуту на свободе»:
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер