Жаңа аллеяға «Алатау» атауы берілді

Screenshot_31.png

Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты «Орманшы» тұрғын алабында жаңа аллея ашылды. Бұрын қоқыс алаңы болған мекеннің жаңа кейіпі тұрғындарды қуанышқа бөлеп отыр.

30 жылға жуық қоқыс полигоны болған орынға жаңа аллея соғылды. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» қарсаңында салынған саябаққа тұрғындар дән риза. Бұрын адамдар серуендемек түгілі, бұл жердің иісінен бір минут та тұра алмайтын едік» дейді тұрғындар.

 «Осыдан 6 жыл бұрын қала әкімдігіне. ЖКХ басшыларына қоқыс төгілгенін тоқтатып, орнына қала халқы, осы ауыл адамдары демалатын орын жасап беруін өтініп, кірген болатынбыз. Сонымыздың міне қарап тұрсаңыздар әдемі, көкмайса жерге айналғанына куә болып отрсыздар»,- дейді Шымкент қаласының тұрғыны Әнипа Төртбаева.

Бұрын қоқыс орны болған бұл алаңшада енді балалардың асыр-салып ойнауына барлық жағдай жасалған. Спортпен шұғылдану үшін алысқа бармайтынына қуанған олар саябақтағы алғашқы ойындарын бүгін бастап та кетті.

6000 тұрғынға арналған бұл аллеяға тұрғындардың сұранысымен «Алатау» деген атау берілді. Басшылар алдағы жылы аудандық «Наурыз» мерекесін осы мекенде өткізуді жоспарлап отырғандарын айтады.

 «Алдыңғы жылы жұмыстар басталған болатын. Бұл жерге балалар ойын алаңшалары, спорт алаңшалары қойылды. Уоркаут қойылды. Скважиналар қазылды. Одан басқа жарық шамдар  қойылды. Жалпы заманауи саябақ болды»,- дейді Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов.

«Орманшы» тұрғын алабында орналасқан аллея құрылысына бюджеттен 336 млн. қаржы бөлінген. Ал саябақтың жалпы аумағы 4,8 гектарды құрайды. Сала басшылары алдағы уақытта тұрғындармен бірлесіп сенбілік өткізіп, саябаққа ағаш егуді қолға аламыз» деп отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер