Кәсіпорынды аралады

5b3cce4ced246.jpg

Шымқалада шағын және орта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Қаладағы «Тассай» индустриялды аймағында бүгінде қыз-қыз тіршілік қайнап жатыр. Отандық өнімдерді өндіру барысымен жақында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов танысып қайтты.    

    Қала басшысы алдымен аймақтағы «ҚазТехникас» ЖШС-нің жұмысына куә болды. Мұндағы өндіріс орнында жарықтандыруға арналған диодты көше және кеңсе шамдары дайындалады. Айта кетейік, бұл - еліміздің Оңтүстік аймағында диодты жарық шамдарын шығаруды қолға алған алғашқы кәсіпорын. Қуаттылығы жылына 18 мың дана көше, 36 мың кеңсе шамын шығаруға жетеді. Жоба құны 500 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын екі жылдан бері 40-тан астам адамды жұмыспен қамтып келеді. Орташа жалақы - 110 мың теңге.

Өндіріс орнын аралау барысында қала әкімі «ҚазТехникас» ЖШС директоры Сәбит Мұратқа сәттілік тілеп, жұмыстарына оң баға берді. Алдағы жоспарларын тілге тиек еткен кәсіпорын басшылығы цехтағы қолмен істелетін жұмысты автоматтандыруға кіріскендерін айтты. Бұл өз кезегінде жарықты үнемдеуге септігін тигізбек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Әйел аманаты» жобасы аясында гендерлік саясат мәселелері қаралды
  • Шымкентте «Ғылымның дамуы — мемлекеттің маңызды приоритеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Еңбек адамы – елдің рухани және экономикалық тірегі
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы жемісін беруде
  • Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – экономикалық дамудың кепілі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер