Шымкенттің аймақтық даму институты құрылады

1530874448.jpeg

Елбасының жарлығымен еліміздің үшінші мегаполисі атанған Шымкентте соңғы айларда көптеген өзгерістер орын алуда. Қала басшысынан бастап біраз қызметкерлер ауысты. Жаңадан басқармалар құрылды. Жаңа жобалар жасалынып, отандық, шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.  Қаланы дамытуда Астананың тәжірибесін қолдана бастадық.  Енді Шымкент қаласының өзінің аймақтық даму институты болады. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 5 шілде күні әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) түріндегі аймақтық даму институтын құру туралы шешім қабылдады. Ол институт толығымен қала әкімдігіне қарасты болмақ. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» № 413-IV Заңына сәйкес аймақтық даму институты облыс, республикалық дәрежедегі қала, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылып, оның акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі болады. Бұл құрылым аймақтың әлеуметтік-экономикасының дамуына септігін тигізеді дейді мамандар. Осылайша Шымкентте өзінің аймақтық даму институты – «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құрылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер