30 автобус тапсырылды

5b3e17020147e.jpeg

Шымкентте қоғамдық көліктердің саны арта түсті. Нақтырақ айтқанда қалаға жаңадан 30 автобус берілді.  Үш әлеуметтік маңызды бағытта жүретін автобустарды қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі тапсырды. Салтанатты жиында одан өзге депутаттар, әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Уақыт өткен сайын шаһарда қоғамдық көліктердің қызметіне қойылар талап пен міндет салмағы арта түсуде. 2017 жылдың соңына қарай қала әкімдігінің басқарушы құрамы бір ай көлемінде қызмет орнына қоғамдық көлікпен қатынаған болатын. Соның нәтижесінде, қоғамдық көлік саласында бірқатар өзекті мәселелерді анықталды. Солардың бірі - қалада шалғай жатқан және жолаушылар ағымы төмен шағынаудандардың тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта әлеуметтік маңызы бар 10 бағыт анықталып, соның алғашқы 3 бағытында жүретін 30 автобусты таныстырып отырмыз. Сондай-ақ, «T-bus» ЖШС қалған 70 автобусты алып келуге міндет алып отыр», - деді шаһар мэрі өз сөзінде. Бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарына 26 көлік компаниясы 70 бағытта 1100 көлікпен қызмет көрсетуде. Әкім, сонымен қатар, қаладағы автопарктерді жаңарту жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Ал бұл өз кезегінде қала тұрғындарына сапалы қызметті ұсынуға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Тыл ардагері Қазына Бектемісованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер