«Оң көзқарас өмірді өзгертеді»

4.jpg 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар. Ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесінен басталады. Әр баланың жетістігі – ана махаббатының жемісі. Ұлы Абай айтқан «Толық адамға» тән асыл қасиеттер ұрпақтың бойына ана арқылы дариды. Қазір еліміз дамудың маңызды кезеңіне қадам басты. «Әділетті Қазақстанды» құру үшін ауқымды реформаларды қолға алдық. Ең бастысы, ел ішінде отаншылдық, мемлекетшілдік рух мықты болуы керек. Біз көк байрағымызды биік ұстайтын, білімді, ұлтжанды ұрпақ өсіруіміз керек,-деген болатын.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.

Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Сонымен қатар, жанұяның негізін қалаушылардың бірі ана. Қазіргі таңда жастайынан тұрмыс құрып, балалы болған қыз-келіншектер өте көп.

Өздерінің жас ерекшелігіне қарамастан, өзге біреуді тәрбиелеу оңай соқпасы анық. Тіпті, кейбірі күйзеліске түсіп, не істеп, не қойғанына жауап бере алмайтындар бар.

Ондай адамдар, көпшіліктің қолдауына мұқтаж.

Сондықтан, Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас аналар арасында «Оң көзқарас өмірді өзгертеді» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Бұл туралы Шымкент ақпараттық коммуникация орталығы хабарлады.

Семинарды пихологиялық әдістемелер бойынша адамның жан-жарасын емдейтін коуч, тренер Ботакөз Дүйсенбаева жүргізді. Ол жас аналарға өзін-өзі бағалау, қадір-қасиетін арттыру, өзіне деген сенімділігін нығайту бойынша түрлі кеңестер мен бөлісті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер