Шымкент: «JAS SARBAZ – 2023» жұмысын бастады

3.jpg 

Шымкент қаласында «JAS SARBAZ – 2023» әскери-патриоттық лагері өз жұмысын бастады. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Екі күнге жалғасатын іс-шара барысында қаладағы 12 мектептің «Жас сарбаз» сыныптары арасында әскери-патриоттық турнир өтеді. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін жарысты қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

–Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Қазақстан ортақ үйіміз. Елімізді қорғау барлығымыздың азаматтық парызымыз», деген болатын. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өйткені, ол тек әскери тәртіпке ғана емес, білімге, достық пен адалдыққа және тапқырлыққа жетелейтіні мәлім. Ал, бүгінгі жиынның мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, ел мен жер болашағына деген жауапкершілікті сезіндіру,- деді жиынға қатысқа Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніде басқарма басшысының орынбасары Серғазы Әбілқайров.

Бүгінде шаһардағы 12 мектептің «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарда 100-ден аса оқушы білім алуда. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған сайыста қушылар екі күн бойына кермеге тартылу, футбол, волейбол, шалқалап жатып денені көтеру, қаруды шашып, қайта құрау, қорғаныс және әскери киімдерді жылдам кию, 100 метрге жүгіру және әскериленген эстафета бойынша бақ сынайды. Патриоттық жарыстың осы жолғы ерекшелігі – садақ ату ұлттық спорты енгізіліп отыр. Лагерде жас сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әр топқа бір әскери жетекші бекітілген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер