Жас аналарға кеңестер берілді

11.jpg 

Шымкентте осыдан бірнеше жыл бұрын «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының аясында «Көмек» дағдарыс орталығы ашылған болатын. Бұл жобаның мақсаты – отбасындағы жанжалдарға тосқауыл қойып, шаңырақ ынтымағын сақтау.

«Көмек» дағдарыс орталығы– өмірде қиындыққа тап болған, түрлі жастағы аналардың амалсыздан паналайтын жері. Мұнда кәмелетке толмаған қыздардан бастап, түрлі жасқа дейінгі келіншектер уақытша тұрақтай алады. Олардың бірінен ата-аналары, кейбіреуінен туыстары бас тартқан. Осылайша тағдырдың тауқыметіне ұшырап, қорғансыз қалғандар, көмек сұрауға мәжбүр. Оларға, дер кезінде психологиялық, рухани қолдау көрсетілмесе, өмірден түңіліп, күйзеліске түсуі мүмкін. Ал кей кездері өзіне- өзі қол жұмсайтындар да табылады. Сондықтан, уақытында тиісті сала мамандары жұмыс жасау қажет.

Осыған орай, Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ана мен бала» тақырыбы аясында дәрігерлердің қатысуымен профилактикалық іс-шара жүргізілді.

Мұнда жас аналарға психологиялық, әлеуметтік және медициналық кеңестер берілді. Кездесуде сала мамандары ана мен балаларды жеке қабылдап, ой-пікірімен бөлісті.

Кеңеске психолог Хамидуллаева Айгерім, әйелдер дәрігері Ескараева Замира, эрготерапевт Шопаева Жадыра, социолог Асылханова Айгерім мен балалар дәрігері Анарметова Наташа қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін де “Дағдарыс” орталығында түрлі тақырыптарда, ана мен балаға қатысты, кездесулер ұйымдастырылған болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер