Егемендігіміздің мәңгі үштағаны – жеріміз, тіліміз және қоғамдағы береке – бірлігіміз..»

Screenshot_3.png 

 Қазақстан Республикасы өзінің тарихи дамуының жаңа сатысына көтерілуде. Соған сай еліміздегі қоғамдық сана да өзгеріс үстінде. Әрбіріміздің санамыздағы өзгермейтін сенім мен мақсат бұл - Қазақстанның Тәуелсіздігін сақтау болса керек. Бұл орайда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылы 5 қаңтардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының мазмұнымен үнемі санамызды жаңғыртып отыру артық болмас еді. Аталған мақалада Ел басшысы «Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – жеріміз, тіліміз және қоғамдағы береке – бірлігіміз..» екені туралы толғана айтқаны белгілі. Ол пікірлермен көпшілік келіседі. Ендігі жерде ел боламыз, халқымызды өркениет жолына түсіреміз десек сол Президент атап көрсеткен «мәңгілік мәселелерге» жалаң эмоция арқылы қарау емес, заңды жолдармен келу, сақтау, тіпті қажет тұсында жанымызды сала қорғау керек болады. Иә, елдігімізді таныту мен сақтау үшін әрбірімізге отаншылдық сезімдерге қоса ең алдымен құқықтық білім мен өркениеттілік жолына түсудің ең ұтымды жолдарын меңгеру қажет.

Өз кезегінде қолданыстағы заңдардың адам құқығы мен әділдік тұрғысынан маңызына қатысты айтылған пікірлер қоғамдық сананы оятып, тіпті кейбір заңдарға тиісті түзетулер жасала бастады. Бұл біздің қоғамның құқықтық тұрғыдан ілгерілеуінің анық көрсеткіші бола алады.

Елдігіміздің берік негізі – Ата заңымызды құрметтеу мен сақтауда жатыр. Олай болса қолданыстағы заңдарды білу, сақтау еліміздің азаматтарының басты борышы, құқықтық міндеті. Солай еткенде ғана азаматтардың бүгінгі құқығын қорғап, ертеңгі күнге деген сенімін жоғалтпай өркениетті ел боламыз. Алда келе жатқан Қазақстан Республикасы  Конституциясы күні құтты болсын!

Анарбаев Қайрат Сапарханұлы,

Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары, ОҚМПУ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер