«Жастардан жастарға» ақпараттық керуені жолға шықты

5fa55ae4a0c70598539025.jpg 

«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», - деді Тоқаев.

Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Жастар – ілгері дамудың негізгі қозғаушы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, еліміздің салтын, дәстүрін келер болашаққа жеткізуші көпір.
Осыған орайда, Шымкентте жастарды қолдау, жұмыспен қамту жолында түрлі іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі, «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы.

Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығының хабарлауынша, жоба аясында Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» құрамы Құрсай елді-мекені тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама мен мекеменің жұмысы, тегін үйірмелер жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шалғай елді-мекенінде өткен түсіндірме жұмыстарына Еңбек мобильді орталығы қызметкерлері де қатысты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер