Шымкент: Еңбекшің ауданында халықпен 22 рет кездесу өткен

17.jpg 

Былтырдан бастап президент Жарлығы бойынша барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізуде. Кездесу барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар ету және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Шымкент қаласының Еңбек ауданында   2023 жылы аудан тұрғындарымен жалпы 22 рет кездесу өткізіліп, оған 690 нан астам тұрғын қатысқан.

Оның ішінде, қала әкімі Еңбекші ауданының тұрғындарымен кестеге сәйкес және кестеден тыс екі кездесу өткізіп, нәтижесінде 59 тапсырма берді. Бүгінгі таңда оның 28-і орындалып, 31 мәселе орындалу барысында.

Сонымен қатар, Мәслихат бекіткен кестеге сәйкес аудан әкімі Исфиджаб, Азат, Абдулабад, Тоғыс, Қаратөбе, Базарқақпа, Елтай тұрғын алаптарында кездесу өткізіп, тұрғындар тарапынан 75 мәселені қарауға алды. Оның бүгінде 36-сы шешімін тапса, 39 мәселе бойынша жұмыстар орындалу барысында.

Жаңа «Тұран» ауданының құрылуына байланысты Еңбекші ауданының шекарасы өзгерді. Қаратау ауданынан «Исфиджап», «Орманшы», «Достық» тұрғын алаптары мен «Азат» шағын ауданы қосылса, Әл-Фараби ауданынан «Бадам» шағын ауданының 2-ші бөлігі қосылды. Сондай-ақ, Еңбекші ауданынан Қаратау ауданына «Шапағат», «Мирас», «Тараз», «Солтүстік Шығыс» шағын аудандары, Әл-Фараби ауданына «Теріскей», «Сайрам», «Күншығыс», «Шымкентстрой», 15-ші, 16-шы, 17-ші, 18-ші шағын аудандары, орталықтағы үйлер берілді.

Қазіргі таңда аумағы 22 800 гектарды алып отырған Еңбекші ауданындағы халық саны 228 830 құрайды.

Жалпы аудан аумағындағы 17 тұрғын алап пен 12 шағын ауданда 728 көше мен өткел, 1 саябақ, 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37 061 жеке тұрғын үйлер орналасқан.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді
  • Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары
  • Послание–2024: рост IT-отрасли и стратегия развития ИИ
  • Өмірін бала күлкісімен өрнектеген күтуші
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер