Шалатай Мырзахметов: Өмірдің мәні - елге адал қызмет ету

370218958_1100736841085803_8686303964702096815_n.jpg 

Конституция күніне орай, Қаратау ауданының Жастар ресурстық орталығы ғимаратында қоғам белсендісі Шалатай Мырзахметовпен кездесу өтті. Бұл туралы Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығы хабарлады. 

Кездесудің мақсаты – жастар арасында ардагер зиялы қауым өкілдерін дәріптеу, татулық пен ынтымақтастықты нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.

Шалатай Мырзахметов - “Құрмет” орденінің иегері, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты, Отырар және Созақ аудандарының құрметті азаматы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі. Уақтысында Отырар ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы қызметтерін атқарған. Қайда қызмет етсе де елдің, соның ішінде Шымкенттің дамуына өзінің ізін қалдырған, еңбегін сіңірген азамат. 

48 жыл мемлекеттік қызмет саласында түрлі басшылық қызметте жұмыс атқарған атамыз, өз басынан өткен тағылымы терең әңгімелерімен бөлісті.

-Өмірдің мәні - елге адал қызмет ету. Адалдық - қашанда адамның арқауы мен қаруы болу шарт. Сонда ғана айналаң құрмет тұтатын, болашақта жастар үлгі алатын жанға айнала аласыңдар. Біз жалынды, ұшқыр ойлы жастарға үлкен сенім артамыз, - деді Шалатай Мырзахметов.

Жастар үшін тәрбиелік маңызы бар осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер