Конституция күні қарсаңындағы келелі кездесу

28.jpg 

Конституция күні қарсаңында жастар Семей ядролық сынақ полигон ардагерлері және елімізге белілі спортшылармен кездесті. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық коммуникациялық орталығы хабарлады.

Жастарды тағылы мол әңгіме мен спортқа баулу мақсатында өткен кездесуге Семей ядролық сынақ полигон ардагерлері Абдурашид Тұранқұлов, Бахадыр Махмудов пен Әлем чемпионат жүлдегері Чимкентбай Қуаныш, Азия чемпионатының жеңімпазы Досан Оразбек қатысты.

Ардагерлер өз басынан өткен қасіретті күндерін тарқата сөз етсе, спортшылар саладағы жетістіктеріне тоқталды.

-Бейбітшілік – бізге оңай жолмен келген жоқ. Қаншама еңбек пен қара термен келді. Өздеріңіздей көзі ашық, көкірегі аяу жастар біздің өткен әрбір жол туралы білу шарт. Сондай-ақ, ел мен жерге қасық қаны қалғанша адал қызмет ету керек, - деді ардагер Бахадыр Махмудов.

Жастар ардагерлер мен спортшыларға көкейіндегі сұрақтарын қойып, естелелікке суретке түсті.

Айта кетері, қырқыншы жылдардың соңында басталған Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында  оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер