Шымкенттің бас полицейі ауысты

29.jpg 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды. Жаңа басшыны қала активіне ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың өзі таныстырды. Ішкі істер министрі Думан Әшкенұлын бұл салада тәжірибесі мол екенін атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

– Жаңа басшыны таныстыруға өзім арнайы келіп отырмын. Думан Таев Ішкі істер органдарында 1988 жылдан бері жұмыс істейді. Қатардағы шұғыл қызметтен бастап, ІІМ криминалдық полиция департаменті басшысы қызметін атқарды. Тәжірибесі мен біліктілігімен қаладағы қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етеді деп сенемін. Президент тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында 5 жылға арналған тұжырымдама әзірленіп жатыр. Цифрлы полицей жобасы іске асырылуда. Шымкент – еліміздегі үшінші мегаполис. Ендігі ретте жаңа басшы жаңа көзқарас, жаңа екпінмен, сіздердің қолдауларыңызбен тиісті жұмыс атқаратынына сенім білдіремін. Және баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын, – деді Марат Мұратұлы.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрі бұған дейін қалалық Полиция департаментін басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің де жемісті қызметін атап өтті. Шымкент қаласында жыл басынан бері қылмыстың тіркелуі 33 пайызға азайған.

Жиында қылмыстың алдын алу, цифрландыру, Полицияның материалдық-техникалық жабдықталуы бойынша бірқатар мәселелер айтылды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қауіпсіз қала бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Қалалық Полиция департаментінің жаңа басшысын қаладағы қауіпсіздікті күшейтуде бірлесе жұмыс атқаратынын айтты.

«Шымкент келбеті»


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер