Шымкент қалалық Достық үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заңым – Айбыным!» тақырыбында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілеттігімен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығы хабарлады.
Жиынға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Әбдезов, Шымкент қалалық сотының баспасөз хатшылығының маманы, «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Қ.Дүйсенби, қалалық Түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, ғалым А.Құрбанов, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің мүшесі Д.Байсерікова, Қалалық Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы, көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының басшысы С.Пазыл, Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің мүшесі Е.Ким және Ассамблея жастары ұйымының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел басындағы жиын барысында спикерлер Конституция -мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат екендігіне тоқталды және оның маңыздылығын жастарға терең түсіндіріп өтті.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Қазақстанның қазіріг Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды.