«Мемлекеттік тіл — менің тілім»

45.jpg 

 "5 қыркүйек—Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл — менің тілім» форумы Шымкент қаласы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің акт залында өтті.

Форумның мақсаты: тіл - ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырамас белгісі. Еліміз егемендік алып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейе түсті. Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай міндет емес, себебі ол тіл, сол мемлекет иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Яғни өнер, әдебиет, мәдениетте, баспасөз, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми ісқағаз т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қажетті құралына айналуы қажет. Мемлекеттік тіл — мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол — азаматтық, патриотизм, мәдени тұтастық және түрлі эстностарды бауырына басқан еліміздегі ынтымақтастықты нығайтуға өзгеше серпін болмақ.

«Мемлекеттік тіл — менің тілім» форумында ақын, жазушы, аудармашы Абай Қалшабек, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, айтыскер ақын Анар Жаппарқұлова, ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы, Ұлттық терминология комиссиясының мүшесі Ербол Сәлім баяндама жасады. Сонымен қатар қаламыздың мақтанышы, мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос жастары қатысқан республикалық байқаудың 1-орын иегері Интизора Нусратуллаева сөз сөйледі.

Қаратау дәстүрлі өнер мектебі және Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Тілдерді Оқыту-Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім» форумы өтті. Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің басшысы Байтуов Біржан Ғаниұлы форумның жүргізушілік тізгінін қолға алып, бүгінгі мерекемен құттықтады. Ахмет Байтұрсынұлының 151 жылдық мерейтойына орай өткен форумда мемлекеттік тілдің қазіргі қоғамдағы деңгейі, оның ел ішіндегі түрлі этностар арасындағы қолданысы туралы сөз етілді. Форумда ақын, жазушы, аудармашы Абай Қалшабек, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, айтыскер ақын Анар Жаппарқұлова, ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Ербол Сәлім мырза баяндама жасап, ана тілдің мәртебесі, маңыздылығы мен мүддесі туралы толығырақ тоқталды.

Осы орайда барша Қазақстандықтарды Қазақстан халқы тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі биік, қолданыс аясы кең болсын!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер