Сайрам -сансыз баптардың мекені

Screenshot_1.png 

Қазба жұмыстарымен айналасатын археологтардың ара-тұра «Шыбық шаншысаң, шынар өсетін оңтүстіктің топырағына күрек салсаң, арғы жағынан көне тарих сайрап қоя береді» дейтіні бар. Бұл әсерлеуі жоқ ақиқат сөз. Қазақ тарихының қай бетін парақтасаңыз да бұл өңірдің шежіресіне соқпай кетпейтіні жоқ.  Ұлы Жібек жолының бойында жатқан атақты Отырар, Түркістан, Сайрам, теріскейдегі Шолаққорған, Баба ата кезінде сауда-саттығы мен қолөнері өркендеген, атақ-даңқы біраз елге жайылған қалалар болған. Бүгінде осы тарихи-мұраға бай өлкеде туризмді дамыту үшін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Туризм тек табыс қана емес, осы мол мұраны насихаттаудың да тетігі екені баршаға мәлім. Осы туристтік бағыттың бел ортасында жатқан нүктенің бірі--көне Сайрам. 

Қазақ жерінде Сайрамнан көне қаланы таба алмауыңыз мүмкін. Сайрам туралы ең ескі  дерек біздің жыл санауымыздан бұрынғы төртінші ғасырда жазылған парсылардың кітабы--«Авестада» ұшырасады екен. Аталған кітапта ол «Сайрим елі» деп жазылған.  Қаланың атауы туралы түрлі болжамдар бар. Кейбір тарихшылар «Сайрам» деген сөз көне түркі тілінен аударғанда «Тастақ сай» дегенді білдіреді дейді. Қаланың Сайрам су өзенінің бойында орналасуы, жерінің тастақты болып келуі бұл болжамды қуаттай түседі.  Ал, қаланың ортағасырылардағы атауы «Исфиджаб».  Ол --«Екі дария аралығы» дегенді білдіреді. Қала өз тарихында Аққала, Орынкент деген атаулармен де белгілі болған.

Ғалымдардың пікірінше, көне парсы деректерінде Сайрам-- «Сайрим» деп жазылған. Мұндағы «Сайр» деген сөз парсы тілінде «бас» дегенді білдіреді. Бұған қарағанда Сайрам «Бас қала» деген мағынаны беруі де мүмкін.

Көне Сайрамның орны осы уақытқа дейін ғылымда нақтыланбаған. Аңыз бойынша оның негізін Ыдырыс пайғамбар қалаған. Қала қазіргі орнына кем дегенде осыдан екі мың жыл бұрын қоныстанған. Оған қаланың орнынан табылған жәдігерлер куә. Егер Сайрамға археологиялық қазба жұмыстары кеңе көлемде жүргізілсе, қазақ тарихына қатысты қаншама деректер табылуы әбден мүмкін.

Сайрам 2014 жылдан бастап Шымкент қаласының аумағына кіреді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер