Шымкент қаласының Өңірлің коммуникациялар орталығында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарамасының мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы Орынтаев Бауыржан Орынбасарұлы және Шымқаланың алты театрының басшылары Шымкент қаласындағы театрлардың ашылу маусымы және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына ұсынылатын қойылымдар туралы ақпараттарымен бөлісті.
«Театр-рухани байлықтың қайнар көзі. Қазақ тарихында «театр» ұғымы болмаса, қазақ өнерінің белгілі бір деңгейде даму жолы қиынға түсуші еді. Ерекше сағынышпен, асқан махаббаттарымен театрдың әр қойылымын аңсап күтетін қадірлі көрермендерді көргенде көзіміз тоятыны жалған емес. Осындай өнер сүйер қауым үшін театр ұжымдары да сапалы қойылымдар қоюға тиісті жұмыстар жүргізіп келеді»,- деді Бауыржан Орынтайұлы.
Жалпы, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 6 театр қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде. Атап айтсақ, Шымкент қалалық Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театры. Шымкент қалалық орыс драма театры. Шымкент қалалық өзбек драма театры. Шымкент қалалық опера және балет театры. Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры және Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры.
Ағымдағы жылы аталған 6 кәсіби театрдың жұмыс жоспарына сәйкес 28 жаңа қойылым, 1127 ағымдағы қойылым, 59 гастрольдік іс-сапар және 246 050 көрермен қамту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда, 8 айда Шымкент қалалық Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Серінің сергелдеңі», «Ахан» лирикалық драмасы, Шымкент қалалық өзбек драма театрында «Сәби» драмасы, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының «Кейкінің кегі», тағыда басқа жалпы 13 Премьера көрермен назарына ұсынылды. Ағымдағы репертуарлық 738 қойылым қойылып, 131 018 көрермен тартылды. Оның ішінде ақылы келушілер саны 59875, қайырымдылық- ақысыз қойылымдарға келуші саны 71 143 көрерменді құрайды.