Алдағы, 6-10 қыркүйек аралығында Шымкент қалалық орыс драма театры Алматы қаласының М. Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрына «Театр, или шум за сценной», «За двумя зайцами» қойылымдарымен гострольдік іс-сапарға шығады. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлің коммуникациялар орталығында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарамасының мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы Орынтаев Бауыржан Орынбасарұлы мен Шымқаланың алты театрының басшыларының өткізген брифингінде айтылды.
Брифингте театрлардың өткен маусымдағы жетістіктері де айтылды. Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры 27 наурыз күні Көкшетау қаласында «Сәлем» Халықаралық комедиялық театр фестивалінде М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясымен қатысып, «Үздік музыкалық безендіру» номинациясын иемденді. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры сәуір айының 21-28 күндері Алматы қаласында өткен «Ортеке» VІ Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне Қ.Исаевтың «Саяхатшы тасбақа» ертегі қойылымымен қатысып, ҚР мәденит және спорт Министрінің «Қуыршақ театры өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін» Алғыс хатымен марапатталды.Маусым айының 2-4 күндері Қарағанды қаласында өткен «Кукляндия» халықаралық ашық фестивальне және маусым айының 25-29 аралығында III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтті. Фестиваль қонақтары: Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның қуыршақ театрлары қатысқан болатын.
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры фестивальге В.Малюченконың «Масақ» ертегі қойылымымен қатысып, «Ең үздік балалар қойылымы» және «Үздік драматургия» номинацияларымен марапатталды.