Президенттік Жастар кадрлық резерві-тың бастама

4.jpg 

Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығы ғимаратында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы Президенттік жастар кадр резерві жобасына жастарды шақыру мақсатында мемлекеттік органдар мен оған бағынысты ұйымдардың 35 жасқа дейінгі азаматтары арасында кездесу өтті.

Кездесуге Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, Халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Нахбаева Гулисхан Сайфуллинқызы, Департамент басшысы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қалалық филиалының директоры Нысанбаев Әділет Әділбекұлы қатысты.

Өңір жастары Президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеудің басталғаны, оның ішінде осы жылғы ерекшелігі мен жобаның негізгі талаптары таныстырылды. Сонымен қатар, кездесуде болған жастардың сауалдарына жауап берілді.

Еске сала кетейік, Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау 1 қыркүйекте бастау алған болатын. Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кетері, Президенттік Жастар кадрлық резерві-Мемлекет басшысының елдің кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамасы. Ағымдағы жылы резервке үшінші қабылдау жүзеге асырылады. Іріктеу мемлекеттік басқарудың 6 салалық бағыты бойынша жүргізілетін болады. Іріктеуге В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер