Сыздықбековтың ресми парақшасы ашылды

5.jpg 

Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы осы жағдайды ескеріп, Үкімет мүшелерінен бастап өңірлердегі әкімдерге әлеуметтік желіге тіркелулерін және халықтың сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс орнатуларын тапсырды. Осыған орай Шымкент  қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің Инстаграмм желісінде ресми парақшасы ашылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

-Қаланы дамытуда ұсыныстарыңызды, түрлі салаға қатысты сұрақтарыңызды direct-ке немесе комментарийге жолдай аласыздар.

Қала әкімінің ресми парақшасы - gabyt_syzdykbekov Ғ. Сыздықбековтің атынан ашылған басқа парақшалардың жалған екенін ескертеміз,-делінген әкімдіктің таратқан ақпаратында.

Айта кетері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін  әкімдерге әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа түсінікті тілмен жеткізуді тапсырған еді.  

- Әкім елмен етене араласып, бұқараның мұң-зарына дер кезінде назар аударғаны жөн. Сонда тұрғындардың билікке деген сенімі нығайып, тұрақтылық тұғыры беки түседі. Ол үшін шенеуніктер әлеуметтік желіні тиімді пайдаланып, жұртпен тікелей қарым-қатынас орнатуы тиіс,-деген болатын Мемлекет басшысы. 

Айта кетері, Шымкенттің жаңа әкімі Ғабит Сыздықбеков алғашқы жұмыс күнін халықпен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдаудан бастады.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді
  • Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары
  • Послание–2024: рост IT-отрасли и стратегия развития ИИ
  • Өмірін бала күлкісімен өрнектеген күтуші
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер