«Отбасы – ұлттың тірегі»

12.jpg

«Отбасы – ұлттың тірегі». Отбасы мерекесі қарсаңында «Бақытты жанұя» орталығында осы тақырыпта басқосу өтті.

Жиында орталықта жыл басынан бері атқарылған жұмыстар талқыланып, оны зерделеуден өткізді. Мамандар өздеріне міндеттелген жүйелі жұмыстардың оң нәтижесін баяндады.

Шымкентте Арбат алаңына қарама-қарсы бетте «Бақытты жанұя» қолдау орталығы жұмыс істейді. Онда келуші аналарға құқықтық-психологиялық кеңес беруден бастап, кәсіптің түр-түріне үйретеді.

–Шымкент қаласында Отбасы күні мерекесі 2013 жылдан бастап үлкен іс-шара ретінде тойланып келеді. Біз тек мереке қарсаңында ғана емес, жай күндері де аналармен сырласып, жиындар өткізіп тұрамыз. Бүгінде біздің мекемеге 55 мыңнан аса қыз-келіншек тіркелген. Олармен бірлесіп, өдерін мазалаған мәселелерін шешуге көмектесеміз. Жұмыссыз жүрген аналарды кәсіби деңгейдегі курстарға қатыстырып, өз кәсібін жүргізуге қолдау көрсетеміз.

Былтыр 49 350 азаматша мұң-мұқтажын айтып шағымданған болатын. Жиі келетіндердің қатарында – көпбалалы, аз қамтамсыз етілген және осал топтағы аналар бар. Зорлық-зомбылық көріп арызданғандар да жетерлік. Барлығына тиісті деңгейде бағыт-бағдар көрсетеміз, – деді «Бақытты жанұя» орталығының басшысы Абибулла Қалымбет.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». «Қазақстан әйелдерінің Республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова отбасындағы тәлім-тәрбие, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі хақындағы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, аналарға қолдау көрсететін орталық жұмысының жетістіктерін атап өтті.

–«Бақытты жанұя» орталығының ерекшелігі – аналарымызға қолдау көрсетеді, кәсіпке үйретеді, ары қарай кәсіп ашуға жол көрсетеді екен. Орталықта оқыған аналардың кәсібі өрлеп, өзгелерді жұмыспен қамтамасыз етіп отығаны расында қуантады. Бұл қажырлы еңбектің арқасы деп білемін, – деді Баян Жандосова.

«Шымкент келбеті»


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер