Шымкент жастары «Біз лудоманияға қарсымыз» челленджін бастады

915177_1597233927.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында елімізде лудомания белең алып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Президент лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс екенін айтқан болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ойын бизнесі саласындағы қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екеніне назар аударды.

– Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды, – деді Президент.

Осы орайда жастар арасында лудоманияның зиян екенін насихаттай отыра, Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы мен ерікті жастары «Біз лудоманияға қарсымыз!» челленджін бастады.

Жалпы, Лудомания, немесе ойын құмарлық, гэмблинг лат.тілінен Homo ludens – ойнаушы адам) – « субъекттің өмірінде басым роль ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлық». Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілді.

Кейінгі кезде казино, ақшалай ойын автоматтары таралуына байланысты құмар ойындар мәселесі өзекті мәселеге айналуда. Олардың барлығы әсем ресімделген, бұл қысқа уақыт ішінде жеңіл ұтыс мүмкіндігінің суггестивті әсері күшеюіне мүмкіндік туғызады.

Осыған орай шымкенттік жастар барша жастарды лудоманиядан аулақ болуға шақыра отыра, челленджі Маңғыстау облысының жастарына жолдайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер