Оқушыға ыстық тамақ берудің оңтайлы жолдары талқыланды

10.jpg 

Шымкентте оқушыларды ыстық тамақпен қамтудың оңтайлы жолдары талқыланды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі Ғ. Сыздықбековтің қатысуымен өткен арнайы жиында мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ қала прокуроры Ғ. Мұқанов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қала бойынша департаментінің басшысы Д.Ерғариннің қатысуымен өткен басқосуда ыстық тамақ беруді тиімді ұйымдастыру тетіктері мен осы бағыттағы өзекті мәселелер пысықталып, оңтайлы шешу жолдары талқыланды.

Биыл қалада 134 228 оқушыны ыстық тамақпен қамту қарастырылған болса, оның 80 мыңнан астамы -1-4 сынып оқушылары, 53 893 оқушы - атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларының балалары.

2022 жылы қала мектептерінде бастауыш мектеп оқушыларына түгел ыстық тамақ берілген болатын. Жалпы қамтылған оқушылар саны - 133 758. Бұл мақсатқа 12,8 млн.теңге жұмсалған.

Қала аумағында осы бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуін бақылау мақсатында құқық қорғау органдары, білім саласы, ата-аналар комитеті өкілдерінен арнайы жұмыс тобы құрылған.

Келесі аптада жұмыс тобының қорытындысы арнайы жиында талқыланатын болады.

Айта кетері, бастауыш сынып оқушыларынг тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді Президент Қасым-Жомарт Тоқаенв әкімдерге бұған дейін тапсырған болатын. Шымкентте бастауыш сынып оқушылар тегін тамақ өткен оқу жылынан бері беріледі.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер