Шымкент: Некеге онлайн режимде тұруға болады

9.jpg 

Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет көрсету электрондық, онлайндық жүйеге өтіп жатыр. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдеп, сонымен бірге қызщмет көрсету сапасын жақөсартуға мүмкіндік беріп отыр.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары Мемлекеттік корпорацияға берілді. Бұл ретте мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі өзгермейді. Болашақ жасжұбайлар үйден шықпай-ақ онлайн режимінде некеге тұруға өтініш бере алады. АХАТ функциялары берілгеннен бері Шымкент қаласында 1096 жұп онлайн өтініш тапсырған.

Өтініш беру үшін ЭЦҚ арқылы eGov порталына кіріп, «Отбасы» бөлімін таңдап, одан «Отбасылық жағдай» бөлімінде «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметін таңдаңыз.

Өтініш тәртібімен танысқаннан кейін «Онлайн қызметке тапсырыс беру» бөлімінде сіз жеке деректерді толтыруыңыз қажет: ерінің/зайыбының ЖСН және неке тіркелетін тіркеу бөлімін таңдау қажет екенін ескеріңіз.

Өтініш толтырылғаннан кейін жүйе төлем жасауды ұсынады. Өтініш беруші «Төлеу» батырмасын басу арқылы төлем жасап, өтінішті ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Болашақ ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу үшін электрондық үкімет порталындағы «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне өтіп, өтінімді толтырып, ЭЦҚ көмегімен растау қажет.

Естеріңізге сала кетейік, некені тіркеу туралы өтінішті 15 күн алдын тапсыру қажет. Қазақстан Республикасында некеге тұру жасы ерлер мен әйелдер үшін заңмен 18 жастан бастап белгіленген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді
  • Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары
  • Послание–2024: рост IT-отрасли и стратегия развития ИИ
  • Өмірін бала күлкісімен өрнектеген күтуші
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер