Жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет

16.jpg 

Жуырда халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы. Тағы да қайталаймын: Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды. Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз,-деген болатын.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Осы мақсатта Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түнгі сағат 22.00-ден 01.00-ге дейін қала аумағында көшелер мен саябақ және ойынханаларда кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Рейдтік іс-шара Шымкент қаласындағы 5 аудан аумағында ұйымдастырылып, оған Прократура, Білім басқармасы, Әл-Фараби, Абай, Еңбекші, Қаратау, Тұран ауданы әкімшіліктері мен ювеналды полициясы қызметкерлері қатысты.

Аудан аумағында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді ойын-сауық орталығына кіргізген орталық иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескерту берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбекші ауданының сала үздіктері марапатталды
  • Еңбек әулеті – ұрпаққа үлгі
  • Шымкентте құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін жаңа зауыт салынады
  • Жасанды интеллект – бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі
  • Сарапшылар Шымкенттегі өзекті мәселелерді талқылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер