Жастар мәселесі ортаға салынды

23.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», деген болатын.

Шымкенттегі Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жастар басқосқан кездесу болды. Оны ұйымдастыруға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і қызметкерлері, «AQNIET ақпараттық-насихаттық және оңалту орталығы» мұрындық болды.

Кездесуде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім сақтау, ұлт араздығы мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу, жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау, әскери борышты өтеу сынды мәселелер айтылды.

Қазіргі кезде аға ұрпақтың елге үлгі болар қай ісін болсын білімді, белсенді жастар іліп әкетіп, оны өз деңгейінде атқарып, өз замандастарының көшін ілгері бастауда.

Кездесуде осындай жастарды үлгі ете отырып, жастар мәселесіндегі жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту сияқты жастарының қордаланған мәселелері туралы сөз болды. Соңында жастар өзара пікірлесіп, кейбір түйткілді мәселелердің күрмеуін қалай шешуге болатындығы жөнінде пікірлесті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер