Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне гендерлік саясат және қоғамдағы қыздардың рөлін арттыруға бағытталған «Қыз өссе-елдің көркі» атты іс-шара өтті.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы бірігіп ұйымдастырған жиында қыздар арасындағы ерте жүктілік, денсаулық, өмір қауіпсіздігі жайында маңызды ақпараттар берілді.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры аясында жиынға Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбековна, Шымкент қалалық полиция департаментінен полиция аға лейтенанты Аселя Ермаханқызы, №11 қалалық емханасының гинеколог дәрігері Айжан Нурлановна, №3 қалалық емханасының психолог маманы Әлия Аңсағандыққызы қатысып, студенттерді мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ақпарат беріліп, оларды ересек өмірде дұрыс жолға бағыттау біздің мақсатымыз дейді мамандар. Қыздар арасында жат қылықтардың алдын алу, тәрбиелі, білімді болып, гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету бойынша, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге бағытталған іс шарадан қатысушылар құнды тағылымды ақпараттар алды.
Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын ұсынды.