Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобилдь топ» Ақжар елді-мекенде мемлекеттік бағдарлама мен діни танымдығын арттыру бағытында шалғайлық жастарға ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.
Түсіндірме жұмыстарына Тұран ауданы еңбек мобильді орталығының бөлім басшысы Шымкентбай Нұрбол мен Шымкент қаласы дін мәселерін зерттеу орталығының теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан қатысты.
Алдымен мемлекет тарапынан берілетін шағын несие, жұмыс іздеуші жастарға арналған бағдарламалар жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, дін өкілі деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде сөз етіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты ақпараттарды бөлісуге немесе жарияламауға шақырды.
Кездесу соңында мемлекеттік бағдарламалар жөнінде арнайы әзірлгенген жадынамалық парақшалар тарқатылды.
Айта кетері, жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында:
- Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы. Тағы да қайталаймын: Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды. Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз,-деген болатын.