Лудомания-жат қылық

 Screenshot_3.png

Шымкент қаласы Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қала жастарының лудомания жайлы қалыптасқан пікірін білу мақсатында арнайы сұхбат жүргізді. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Жастар көп шоғырлатын орындарда өткен сұхбат барысында жастар мен жасөспірімдердің құмар ойындарға деген жақсы пікірдің қалыптаспағанын байқауға болады. Тіпті сұхбат барысында қоғамға алып келер залал-зиянын айтып, өзі секілді жастарға жат қылықтардан аулақ болуға шақырғандары да болды.

Айта кетейік, жуырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды.

– Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды, – деді Президент.

Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.

– Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс, – деді Президент. Осыған байланысты Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер