Қараша ана кесенесі қашан тұрғызылған?

караша ана.jpg 

Сайрам елді мекенінде орналасқан Қарашаш ана кесенесі көне замандарда тұрғызылған. 

 Қарашаш ана қайтыс болғаннан кейін немесе кейінірек жерленген жеріне мемориалдық құрылыс – кесене немесе мешіт салынған деп жорамалданады. Дегенмен, бізге жетіп отырғаны бірінші, тіпті екінші ғимарат емес. М.Е. Массон ғимараттың тұрғызылуын өз көзімен көрген адамдардан жинаған ақпараттарға байланысты қазіргі кесене 1851–1852 ж.ж. салынған деп мәлімдейді. Бұл кезеңде Оңтүстік Қазақстан қоқандықтардың қол астына бағынып, Сайрам Қоқан хандығының құрамына ташкенттік биліктегі уәлаяттардың бірі ретінде кіреді, осы кезде діни ғимараттардың құрылысы жанданады. Оңтүстік Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін 1860 ж.ж. бастап кесене бірнеше рет қалпына келтірілгенін жоққа шығаруға болмайды, оны қабырға қаландысының ерекшеліктері – төменгі қатарларының бірнеше кірпіші ғаныш ерітіндісімен, ал жоғары қарай балшықты пайдалану арқылы тұрғызылғандығы көрсетеді. Кеңестік уақытта күмбез өзінің пішінін өзгертіп бірнеше рет жаңартылды. 1996 ж. ескерткіштің келбеті өзгертіліп, ақ жалпақ метал- мен жабылады.

Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді бір бөлмелі құрылыс, оның кейінгі ортағасырлық келбеті культтік сәулет өнерінің архитектуралық пішінінің барлық қағидасын жинаған – төртбұрышты жоспардағы қабірханасы, шығып тұрған порталы, цилиндрлі барабан үстінде сфе- роконусты күмбезі бар.

Ғимарат (жалпы көлемі – 6,8х8,6 м, биіктігі – 7,25 м) іргесі тастан, үсті күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Көлемдік-кеңістіктік композициясынан қабірхананың төртбұрышты жоспардағы негізгі призмалық көлемі кесененің оңтүстік және батыс фасадына сәйкес құралған порталдың (пештак) негізгі көлеміне тірелген, сегіз қырлы бөлігіне орнатылған цилиндрлі барабан үстіндегі сфероконусты күмбезі анық байқалады. Құрылымдық үлгісі тым қарапайым: төртбұрышты жоспардағы бөлменің дөңгелек күмбез негізіне өтуі қарапайым төрттік бұрыш қиғаштығы тәсілімен жүзеге асқан (жабылған кеңістіктің кіші аралығы оған мүмкіндік береді).

Ескерткіштің басты композициясының ерекшелігі – бір бөлмелі порталды-күмбезді кесененің өзгеше типінде болуы және бұрыш жасап тұрғызылған екі бірдей (ені бойынша сәл ерекшеленетін) порталының бар екендігі. Батыс бөлігіне есік жасалса, ал оңтүстік пештактың осы жеріне, кесенеге кіру өлшемі бойынша тең келетін панжара торлы терезе төмен орнатылған.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер