Шымкент екі мың жылдан астам тарихы бар Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі саналады. Ол өз заманында Ұлы Жібек жолы Патшалық Ресей Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия жерлерін жаулап алуды бұрыннан ойластырып қойған. Дегенмен де, 1864 жылға дейін Ресей патшалығы қазақ даласының жетпіс пайыздай аймағын түгел жаулап қойған еді. Енді оңтүстік өлкеге жататын аз ғана бөлігін жаулау керек болды. Қыркүйектің 19-ында генерал М.Г.Черняев, отрядын үшке бөліп, Шымкентке үш жақтан- Қошқарата өзенінің бас жағынан, Көмеш қақпа жақтан және Ақбұлақ жақтан бір мезгілде шабуылдайды. Қарулы қоқандықтармен бірге бейбіт тұрғындардың да жөңкіле қашқанын байқаған Черняев Шымқала қамалын атқылауды тоқтатады. Шымқалада қоқандықтар мүлде қалмаған кезде Черняев бастаған орыстың негізгі әскері қала ішіне соғыссыз кіреді. Бұл -1864 жылдың 22 қыркүйегі болатын. М.Г.Черняев қаланы алғаннан кейін Шымқала-Шымкент орыс картасына Ресей патшалығының қаласы ретінде «Чимкент» деген атпен кірді. Отаршылдар қаланы алған соң бірден шаһар ішіндегі бұрыңғы билеушілер резиденциясы мен керуен сарайларға жайғасқан.
Шымкент қаласының Ресей империясының қарамағына өтуімен Қазақстанның Ресейге қосылу дәуірі аяқталады. Бұдан кейін патша өкіметі Орталық Азия елдерін жаулау шараларына кірісті. Шымкент Ресей үшін Орталық Азияның қақпасы саналды.