«Шымқала» кешені: Ұстахана- қасиетті орын

photo_82729.jpg 

Шымкенттің көне орны «Шымқала» тарихи-мәдени кешені аумағынан археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде батыс шахристан аумағынан  ХҮІ-ХҮІІ  ғасыр, қазақ хандығы дәуіріне жататын ұстахананың орны анықталды.  Аршылған құрылыс нысаны орнынан ұстахана және ұста баспанасы бой көтерді. 

«Шымқала» тарихи-мәдени кешені мекемесінің таратқан мәліметіне қарағанда, осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыз  түрлі шикізатты пайдалана отырып, тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, сан-алуан әсемдік әшекейлерді, қару-жарақтарды жасаған. Бұл кәсіп атадан балаға мұра боп қалып, бізге дейін үзілмей жалғасып келді. Ұсталық, зергерлік кәсіп орта ғасырға қарай қазақтар арасында айрықша қарқын алған.  Ұсталық кәсіпті түркі тектес халықтар «киелі өнер» деп санаған. Шеберлердің атын атамай «Ұста» деп атаса, ұстаның жұмыс орны «ұстахана» деп аталған. Ұстахананы «қасиетті орын» - деген түсінік қалыптасты.

Ұстаның негізгі құралдары: көрік, төс, балға, көсеу, бұрғы, қашау, егеу, шеге т.б. Ұста қалыпта құю, соғу, шегендеу, зер жүргізу сияқты тәсілдерді қолданған. Ұсталық көрік -көмір отынына арналған кірпіштен қаланған ошақ. Көрікке тоқталар болсақ – Ұсталар мен зергерлер түрлі металарды балқытып қыздырып өңдеу үшін көрік пайдаланған. Оның негізгі қызметі отыққа жел береді. Көрік негізгі түрлері: аспалы көрік,

кіші көрік, үлкен көрік, мес көрік

Осы ұстаханаға жапсарлас салынған баспана қарапайым құрылыс материалынан - Қошқарата өзені жағасынан алынған саз балшық- шымнан тұрғызылған. Жазда салқын, қыста жылы болып келеді.  Қонақ бөлме, жатын және ұстаның демалатын бөлмелерінен тұрады. Демалатын бөлмеде сыпа салынған, суық кездері астына от жағылып, жылынған еден үстінде отыруға немесе жатуға ыңғайлы болды.

Жалпы қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті оның материалдық мәдениетінен көрініс табады. Мұндағы ағаштан жасалған жиһаз, ыдыс-аяқтар көшіп-қонуға ыңғайлы етіп жасалып, түрлі-түске боялған сырмақ, текемет, алаша, құрақ көрпелер көздің жауын алардай. Бұл халқымыздың ертеден қалыптасқан қоршаған орта, аспан әлеміне қатысты  мифологиялық таным-түсінігінің туындысы деуге болады. Қазақ халқының қонақжайлылығы ортада тұрған дөңгелек үстелден көрініс тапқан.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер