Шымкент: Жемқорлық тәуекелдері картасы қалай іске асып жатыр?

51.jpg 

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын Шымкент қаласында іске асыру жолындағы аралық нәтижелер туралы» баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.

Баспасөз жиынында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл еліміздегі мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

– Жүйелі мәселелерді шешу мақсатында Агенттік еліміздің әрбір өңірі үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің арнайы карталарын әзірлеген. Жыл басынан жер, білім салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, 65 ұсыным енгізілді, оның 49 орындалды. Қазіргі таңда құрылыс саласында талдау жұмыстары жүргізілуде. Республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген сәттен бастап әкімдік тарапынан ауданы 850 гектарды құрайтын 1 мыңнан астам жер учаскесі берілсе, оның тек 1 пайызы ғана сауда-саттық арқылы берілген. Жер беру тәсілі туралы шешімді әкімдік дербес қабылдайды, берілген жер учаскелерін есепке алу жүргізілмейді. Берілген жерлердің жалпы санын нақты анықтау мүмкін емес. Осы мәселені «қолмен» өзгерту тәсілі көрсетілген сегменттегі ақпараттың дұрыстығын толық көлемде қамтамасыз етпейді.

Халық пен бизнес үшін бос жерлер туралы ақпарат қолжетімсіз.

Өздеріңізге белгілі, Агенттікпен кәсіпкерлікті қорғауға және қолдауға бағытталған «Бизнеске жол» жобасы жүзеге асырылуда.  Әкімдік басшылығының және басқа да уәкілетті органдардың көмегімен 1300-ден астам кәсіпкердің құқығын қалпына келтіруге мүмкіндік туып, 30 мәселе оң шешімін тапты. Кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласқаны үшін 7 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде, 5 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2 лауазымды тұлға әкімшілік айыппұл төледі.  Жедел-тергеу бағыты бойынша 16 шағын және орта бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды,-деп атап өтті Ж.Жұмабаев.

Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен кездесу өткізіп, нәтижесінде кәсіпкерге алынған жер үшін 128 млн. теңге төленді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер