Шымкентте «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы қолға алынды

1651848003_639e19938b377c58fee7920c27ac5362.jpg 

Шымкентте биыл тамыз айынан бастап белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-шараларға ерікті ретінде тарту мақсатында Агенттікпен «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы қолға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.

Жоба аясында кез келген бастамаларды ұсынып, бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін қадағалай аласыз немесе аймақтағы проблемалық мәселелерді бақылай аласыз. Қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелер бар.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.

-Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданды. Мәселен, 2021 жылдың 10 қаңтарынан бастап Еңбек Кодексінің 26-бабы 2-тармағына өзгерістер енгізіліп, онда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді делінген. Аталған бап нормаларына қатысты азаматтар тарапынан жиі шағымдарына орай Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотымен материалдар зерделеніп, нормативтік қаулы әзірленді. Жоғарыдағы қаулы негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамның квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына шектеу көрсетілген ұйымдарда басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарға үміткер адамдарға қатысты қолданылады,-деді осы жөнінде өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос  Жұмабаев.

 Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Департаментке жүгіне алады немесе тәуліктің кез келген уақытында CaII-орталыққа 1424 нөмірі бойынша қоңырау шала алады. Осы нөмірге қоңырау шалу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер