«Құмар ойынға құмартпа»

 луд1.jpg

Шымкентте Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастар істері жөніндегі комитет төрағалары мен жастардың қатысуымен «Құмар ойынға құмартпа» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жастар арасында лудоманияның зияндығын насихаттау мақсатында өткен жиын Қаратау ауданының жастар ресурстық орталығының ғимаратында ұйымдастырылды.

Құмар ойындарға тәуелділіктің басты белгілері мен оған итермелейтін бағыттар жөнінде сөз етілді. Бас қосудың нәтижесінде осындай жат қылықтардың алдын алу бойынша оқу орындары арасындағы жоспарлы жұмыс күшін күшейту қажеттігін жеткізіп, барша жастармен бірлесе қоғам дертімен бірге күресу қажеттігін айтып тарқасты.

Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өскелең ұрпақтың денсаулығына әлеуметтік кеселдер залалын тигізеді. Шылым шегуге, ішімдікке және есірткіге тәуелді болу кеңінен таралған жағымсыз әдеттер. Бұған қоса, соңғы кезде жастар арасында лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік белең алуда. Бұл кеселден құмарпаздардың өздері ғана емес, олардың отбасы, туыстары мен жақындары зардап шегеді. Жасөпірімдеріміз заманауи технологиялардың ықпалымен құмар ойындарына оңай шырмалатын болды», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы букмекерлер мен казинолар интернетте толассыз жарнама жасап, жұртты еріксіз елітіп отырғандығын баса айтты.

«Мемлекет бұған шектеу қою үшін бірқатар маңызды шара қабылдады. Бірақ, бұл шаралар әрине, жеткіліксіз. Жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керек. Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жуырда құмар ойындарға қарсы күрес мәселесі Қауіпсіздік кеңесінде де талқыланды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер