Шымкентте «Киелі табиғат» акциясы өтеді

54.jpg 

16 қыркүйекте Шымкентте Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Kieli Tabigat» экологиялық акциясы бастау алмақ. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады. 

Аталған акцияға қаламыздағы мәдениет саласының танымал азаматтары, жастар ұйымының көшбасшылары, эко волонтерлер және қала тұрғындары қатысатын болады.

Акцияның мақсаты- әсіресе, Сакралды (Киелі) аймақтарды тазалау, қалпына келтіру, сақтау және экологиялық мәдениет деңгейін арттыру.

«Киелі табиғат» экожобасы аясында Шымкент қаласы бойынша республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет орындарында экоакциясы ұйымдастырылады.

Нақтырақ айтқанда, олардың арасында Сайрам қалашығы (Исфиджаб), Абдель-Азиз баб, Ибрагим-ата кесенесі, Қожа Салих кесенесі, Мірәлі баб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Қызыр мұнарасы бар.

Айта кету керек, Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұл жобасын алғаш күннен қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдары тарапынан қолдау тапқан болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген ағаш отырғызылды. Саябақтар мен көшелер абаттандырылды. Өзен жағалары мен орман іші тазаланып, қоршаған ортаны сақтауға қатысты бірқатар шара ұйымдастырылды.

Аталмыш акция биыл да осы қарқында жүзеге асырылмақ.

Жалпы, табиғатты аялау, құрметтеу, тарихи жәдігерлерді сақтау ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан үрдіс. Осы үрдісті аға буын бойына сіңірді. Ендігі мақсат осындай акциялар арқылы сол тәлім-тәрбиені өскелең ұрпаққа жеткізу парыз.

«Киелі Табиғат» жобасы осы оң тенденцияны нығайтуды және дамытуды көздейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер