Шымкент қаласының халқы бір жылда жалпы 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады. Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров және «Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қаттабеков мәлім етті.
Шымкент қаласының халқы бір жылда жалпы 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады. Оның ішінде, ұн, нан, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасымен жергілікті өндірушілер толығымен 100% қамтамасыз етеді.
Сиыр еті бойынша қала өзін 34% қамтамасыз етіп, қосымша қажеттілік Түркістан облысынан тасымалданады, ал тауық еті бойынша қаланың қамту үлесі 20% құрап, қосымша қажеттілік АҚШ, Белоруссия мемлекеттерінен және Алматы қаласынан жеткізіледі.
Сүт өнімдерінің қамту үлесі орта есеппен 40-50% құрап, қосымша қажеттілік Солтүстік өңірлерден және Түркістан облысынан тасымалданады.
Көкөніс өнімдерінің негізгі тасымалданатын өңірлеріне келетін болсақ, картоп Павлодар облысы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясынан, пияз Жамбыл облысы, Өзбекстан Республикасынан, сәбіз Павлодар, Жамбыл, Түркістан облысы, Ресей Федерациясынан, ал қырыққабат Түркістан облысы, Өзбекстан Республикасынан.
Бакалея өнімдері бойынша қарақұмық жармасы Шығыс Қазақстан облысы, Ресей федерациясы, күріш Қызылорда облысы, құмшекер Жамбыл облысы, Ресей федерациясы және ас тұзы Қызылорда облыстарының өндірушілеріне тікелей тәуелді болып келеді.
Аталған өнімдерді «Каис Инвест» ЖШС, «Ас-Ан» ЖШС,«Meir-Trade Dirstibution Company» ЖШС, ЖК «Сидельников» және «Прима Дистрибьюшн» ЖШС секілдіірі дистрибьютерлік желілер қамтамасыз етіп отыр.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, бюджеттен 8,7 млрд.теңге бөлініп, 200-ге жуық сауда орындарында бірінші қажетті азық-түлік тауарлары нарықтан төмен белгіленген бағада сатылып келеді.
Атап айтқанда, «Магнум» сауда желісінің саны – 31, «Грамад» сауда желісіның саны – 24, ет өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтарының нүктесі – 10, ірі базар аумақтарында орналасқан көкөніс өнімдерін сататын жылжымалы сауда нүктесі – 6, халықтың тығыз орналасқан аймақтарындағы үй маңындағы кіші дүкендер – 129.
Басқарма және «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан қарыз алушы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Жалпы қала бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, баға тұрақты бақылауда.