Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан ұсынылған «Бейбітшілік және келісім» жобасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанынан құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы Сайрам тұрғын алабындағы мәдениет үйінде тұрғындарды қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.
Іс-шараның мақсаты – қала аумағында этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу шараларын әзірлеу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердің проблемаларын анықтау және оларды шешудің жолдарын қарастыру.
Сала басшылары мен арнайы мамандардан жасақталған топтар тұрғындар арасында: «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік», т.б. түрлі бағыттарда азаматтарды қабылдап, олардың проблемалық мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын сөз етті.
Қоғамдық қабылдау жұмысына жоғарыда аталған мәселелер бойынша барлығы 35 азамат жазылып, оларға тиісті тұрғыдағы бағыт-бағдарлар берілді.
Айта кетері, аталған жобаның мақсаты – этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу шараларын әзірлеу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердің проблемаларын анықтау, нақтылау және оларды шешу. Бұған дейін Шымкентте осы жоба аясында әртүрлі сала мамандары мен құқық қорғау органдарынан жасақталған топтар тұрғындар арасында «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халықтың денсаулығы», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік» сынды 7 бағыт бойынша қабылдаулар жүргізген болатын.