Оқушы қауіпсіздігі-үлкен жауапкершілік

6.jpg

 Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігі» тақырыбында сарапшылық талдау өтті. Іс-шараның мақсаты білім беру мекемелерінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың саламаттығын қамтамасыз етуде Шымкент қаласының мемлекеттік органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды және ұсыныс-пікірлерді медиа-алаңда талқылау.

Эксперттік жиынға Шымкент қаласының Полиция департаментінен, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен, Төтенше жағдайлар департаменттерінен, Білім, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Денсаулық сақтау басқармаларынан салаға жауапты басшылар және БАҚ өкілдері қатысады.

2023 жылдың 31 тамызда ҚР Үкіметінің № 748 Қаулысы шықты. Қаулыда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.

Іс-шара барысында мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау бағытында мемлекеттік саясат қалай жүргізілуде және балалардың өмірін зорлық-зомбылықтан қорғау үшін мемлекеттік органдар қандай жұмыстар атқаруда осы және өзге де сұрақтарға жауап алатын боламыз.

Шымкент қаласы бойынша білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қатаң бақылауға алынған.

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік негіздегі 150-мектеп, 10-колледж, 71-бала бақша бар. Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы талаптарға сәйкес бейне бақылау жүйелері және «SOS» дабыл батырмалары толығымен орнатылған. Орнатылған бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмалары Шымкент қаласының Полиция департаментінің «Жедел басқару орталығына» интеграцияланған.

Одан бөлек қаладағы барлық мектептерге өткізу жүйесі (турникет) 100% орнатылып, I-дәрежелі мамандандырылған күзетпен қамтамасыз ету үшін 100% келісім-шарт түзілген.

Қала аумағында жалпы жеке меншіктегі 111-мектеп, 17-колледж, 533-бала бақша тіркелген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер