Шымкенттік үйлер «өзін-өзі басқарады»

    5b4c62caf38bc.jpg

         «Шымкент тұрғын үй қызмет» ЖШС директоры Әбдімәлік Балбаев қала әкімдігінің халықтық кеңсесінде өткен семинарда Шымқаладағы жаңадан салынып жатқан арендалы көпқабатты үйлерді жаңа кәсіпорын бақылауына алатынын мәлімдеді. «Кондоминиум нысанын басқарудағы ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық және энергия сақтау аспектілері, сонымен бірге көп пәтерлі тұрғын үйлерде интелектуалды басқару жүйесін қолдану» атты тақырыбында өткен жиында пилоттық жобаның жайы айтылды. Директордың айтуынша, аталған мекеме алдағы уақытта қала әкімдігі және тұрғын үй иелерімен үш жақты келісім-шарт аясында жұмыс жүргізбек. Бүгінде шаһардағы төрт ауданнан 21 көп пәтерлі үйде пилоттық жоба қолға алынған. Әбдімәлік Балбаевтың сөзінше, пәтер иелерінің тиімді меншік иелері ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді. Оған жертөлелерді, дәліздерді тазалау, жарықтандыру, көпқабатты үй аумағының тазалығы мен кіреберіс есіктердің жағдайын бақылау секілді жұмыстар кіреді. Тұрғындардың ай сайын төлеген ақшасы ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Бұл өз кезегінде тұрғын үйлердің сапасын арттыруға сеп болмақ.

Ал кондоминиум нысасының ортақ мүлкін күтіп-ұстауға ай сайынғы жарнаның орташа мөлшері 1 шаршы метрден 20 теңге 67 тиынды құрайды. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарнаның орташа мөлшері де қарастырылған. Ай сайынғы коммуналдық төлемге қосымша төленетін бұл қаражатты тұрғындар қала әкімнің тұрғын үй қатынастары бөлімінің сайтынан бақылап отыра алады. Қазіргі таңда мұндай тәжірибе елімізде Астана мен Алматы қалаларында сәтті жүзеге асуда. Аталған жоба көпқабатты үйлерді басқару жүйесін оңтайландырудың 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Әр көпқабатты үйдің тұрғындары үй иелерінің бірлестігін құрып, үй төрағасын сайлай отырып, үйді басқарушы компанияны таңдауға құқылы. Жаңа жүйе бойынша әрбір пәтер иелерінің бірлестігі тарапынан жеке шот ашылуы тиіс. Ондағы атқарылатын, үйлерді күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру басқарушы компания жүзеге асырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер