Әкімдер халықпен күн сайын кездеседі

1531804909.jpeg

Үшінші мегаполистің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін дер кезінде шешу, тұрғындардың шағымын уақытыл орындау мақсатында аудан әкімдері енді халықпен күн сайын кездесетін болды. Қала активінің отырысында шаһар әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халық қалаулыраныа осындай талап қойды. Жиында қала басшысы алдағы уақытта аудан әкімдері халықпен жаңа кесте бойынша жұмыс істейтін мәлімдеді. «Бұрын азаматтарды аптасына бір рет  белгіленген кесте бойынша қабылдап келген болсаңыздар, ендігі жерде күн сайын таңертеңгі сағат 9:00-10:00 аралығында  жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастыратын боласыздар. Яғни, тұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша аудан әкімінен тікелей жауап ала алады. Қарапайым халықпен көбірек жұмыс жасаңыздар. Егер тұрғындардың сенімін ақтасаңыздар, дұрыс жұмыс жасағандарыңыз. Халықтың сенімін ақтау - жұмыстың басты көрсеткіші. Елбасы өз сөзінде әкімдердің халыққа жақын болу керектігін үнемі айтып отырады, - деп атап өтті Ғабидолла Рахматоллаұлы. Қала əкімі, сондай-ақ, аудан басшыларына өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы халықтың өмір сүру сапасына жеке жауапты екендерін де ескертіп өтті.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді
  • Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары
  • Послание–2024: рост IT-отрасли и стратегия развития ИИ
  • Өмірін бала күлкісімен өрнектеген күтуші
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер