«Kieli Tabigat» -Ибрагим ата кесенесінде

13.jpg 

Шымкентте «Kieli Tabigat» республикалық акциясы киелі орындардың бірі - Ибрагим ата (X-XI ғасыр) кесенесінде ұйымдастырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Кесене Ұлы Жібек жолы мен түркі елдерінің тарихын танып, мәдениетіне бойламақ саяхатшылар мен зиярат етушілер ұмтылған киелі орын болып есептеледі.

Көне Испиджап, қазіргі Сайрам – сопылық ілімнің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Ясауидің туып-өскен жері, ғұламаның ата-анасы өмір сүріп, дүниеден өткен мекені.

Болжам бойынша кесене XVI-ХVII ғасырда жергілікті шейх, Қожа Ахмет Ясауидің әкесінің жерленген орнында бой көтерген.

Бұл ескерткіш ортағасырлық сәулет өнеріне тән күмбезді кесенелердің алғашқы үлгілерінің бірі. Бүгінгі таңда зияратшылар мен туристер кесененің XIX ғасырда салынған нұсқасын көре алады. Құрылыстың ішкі-сыртқы көрінісінен ортағасырлық элементтердің де сақталғандығын анық байқауға болады.

Кесене биіктігі 8 метрден асатын, бір бөлмелі, шаршы пішіндес құрылыс болып табылады. Кесене салынған кезінен бастап сан рет қайта жөндеуден өтсе де, өзінің бастапқы сән-салтанатын жоғалтпай, рухани- тарихи құндылығы еселей түскен. Қазірде аталмыш кесене Қазақстанның республикалық маңызы бар сәулет ескерткіштері қатарынан лайықты орнын алған.

Шынтуайында, ХІ ғасырда Сайрам ислам дінінің өркендеу өзегі болды. Мұнда талай діни тәлімгерлер мен ұстаздар, ислам ғалымдары өмір сүрген. Соның ішінде дәулетті де зиялы әулеттен шыққан Ибраһим ата да болды. Жастайынан халықтың құрмет-ықыласына бөленген Ибраһим егіншілікті кәсіп қылғанымен, ел арасында рухани ұстаз, діни уағыздаушы ретінде аты шыққан. Ибраһим ата қашанда көмекке зәру жандарға жәрдемдесіп, талай шәкірт тәрбиелеп, салиқалы ғұмыр кешкен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер