Шымкент: Сенбілікке жүз мыңнан астам адам қатысты

14.jpg 

Шымкентте өтіп жатқан «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2023)» экологиялық акциясының мақсаты – тұрғындарды кешенді тазалық шараларына жаппай жұмылдыру. Бұл бағыттағы жұмыстар елімізді әлемдік экологиялық акцияға қатысушы, "Жасыл экономика” қағидатын іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Бүгін Шымкентте экологиялық акция аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қала аумағындағы тазалық жұмыстарына 103 мыңнан астам адам қатысып, 744,2 м3 қоқыс шығарылды. Кәсіпкерлер, еріктілер мен жастар, қала тұрғындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, аумақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілікке 96 арнайы техника жұмылдырылып, 344,79 шақырым жолдар тазаланды.

Жыл сайын өтетін тазалық күніне түрлі саланың қызметкерлерімен қатар, қала тұрғындары өз үлестерін қосып жатыр.

Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы “Қоғамдық келісім” КММнің қызметкерлері де бұл бастамаға қолдау білдіріп, Нұршуақ шағынауданы маңындағы тасжолдың бойын тазартуға атсалысты.

Сенбілік барысында өздеріне бекітілген аумақта санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Жол жиектерін, арық-атыздарды тазалап, күл-қоқыстарды жинады.

Бүгінгі жасалынған тазалық Шырайлы Шымкентіміздің шырайын келтірді!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбекші ауданының сала үздіктері марапатталды
  • Еңбек әулеті – ұрпаққа үлгі
  • Шымкентте құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін жаңа зауыт салынады
  • Жасанды интеллект – бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі
  • Сарапшылар Шымкенттегі өзекті мәселелерді талқылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер