Ғабит Сыздықбеков: Мен объективті, конструктивті пікірлерге ашықпын

20.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басқосуға телеарналар мен газеттердің бас редакторлары, журналистер және әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Ақпарат құралдары ең көп шоғырланған Шымкентте қазірде 170-тен астам орталық жұмыс істеуде. Үшінші мегаполистің ақпарат кеңістігінде бірнеше телеарна, газет, журнал, көптеген ақпараттық порталдар қызмет етеді.

Елімізде қолға алынған реформаларды жалпыхалықтық қолдаусыз толықтай іске асыру мүмкін емес. Бұл ретте барша азаматтарымыздың күш-жігерін елдік мақсаттарға жұмылдыруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады.

«Мен өз қызметімде объективті, конструктивті пікірлерге ашықпын. Сіздер халық үшін еңбек етіп жүрсіздер. Шығармашылық қызметтеріңіз жоғары бағаға лайық деп білеміз.

Бәріміз де — осы елдің азаматы, осы халықтың перзентіміз. Олай болса, баршаңызды еліміздің дамуы, қаламыздың көркеюі жолында жұмыла жұмыс жасауға шақырамын», — деді қала әкімі.

Журналистер шаһар басшысына сала мамандарының біліктілігін арттыруда, ашықтықты қалыптастыруда, ақпарат таратуда нақты ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, қала аумағындағы жол, қоғамдық көлік, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Ал қала әкімі барлық салада ашықтықты қамтамасыз етіп, мегаполисті көркейтуде БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер