«Заң және жаза»

21.jpg 

Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң және жаза» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Индустриялды техникалық колледжінде өткен кездесуге Шымкент ҚПД Тұран ауданы полиция аға лейтенанты Иляс Серікболсын қатысып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында бірқатар заңдар жөнінде айтып берді.

Жастарды құқықтық ақпараттармен қамту мақсатында өткен жиында, жастарға түрлі ақпараттар айтылып, сала мамандары заң аясынан тыс әрекеттер жасаған жағдайда қандай жауапкершілік көздері қаралғандықтары жөнінде де хабардар етті.

Кездесу соңында кері байланыс орнатылып, жастар тарапынан келген сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ, жуырда Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту бағытында  Парасат колледжінің студенттерімен ұлдар кеңесі өтті.

Аталған іс-шараға Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы Раушан Баймурунова, №13 қалалық емханасы Жастар денсаулық орталығының уролог-андролог дәрігері Данияр Бабаханов, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан  Карбеков қатысты.

Іс-шара барысында ұлдарымыз болашақ әке болатындықтан оларға зиянды әдеттерге жоламау, суық тигізбеу, бойларына қазақ жігіттеріне тән тек жақсы қасиеттерді сіңіруді айтып өтті.

Жігіт келбеті қандай болуы керек? деген сауалға ұлдар өз пікірлерін ортаға салды. Сондай ақ ұл балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруға көңіл бөлулеріне, ішімдік пен темекінің зияндығы жөнінде мәліметтер берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер