«Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі»

22.jpg 

Шымкенттегі Политехникалық коллежінде өткен «Бүгінгі қыз – болашақ ана» атты іс-шара студенттердің гендерлік саясат және қоғамдағы қыздардың рөліне арналды. Бұл туралы Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Дана халқымыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Әсіресе, қызды кішкентай күнінен-ақ әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа баулыған. Қыздың бойына бар асыл қасиет ана сүтімен дариды. Әке-шеше қызының әрбір қадамына сынай қарап, дұрысын айтып, бұрысын түзеп отырған.Осы тәрбие дәстүрі бүгінгі күні де қалыптасып келеді. Бірақ, қыз тәрбиесі  ата-ананың тәрбиесімен шектелмей, жүрген ортасында да өзекті болуы керек.

Осы мақсатта Политехникалық колледжі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциацисы бірігіп ұйымдастырған жиында қыздарға аталмыш тақырып аясында келелі мәселелер айтылып, қыз баланың қоғамдағы орыны, ұлт тәрбиесі қыз тәрбиесінен басталатындығы туралы салиқалы, салмақты әңгімелер сөз болды.

Жиынға Шымкент қалалық іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Эльенора Ағабекқызы, Шымкент қалалық полиция департаментінің полиция аға лейтенанты Аселя Ермаханқызы, №3 қалалық емханасының психолог маманы Әлия Аңсағандыққызы қатысып, студенттерді мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен бірге, тәрбие жұмысының өзекті тақырыбы туралы айта келіп, мамандар қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ақпарат беріліп, оларды ересек өмірде дұрыс жолға бағыттау біздің мақсатымыз деді мамандар.

Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын ұсынды.

Сондай-ақ,  жуырда мегаполистегі Tashenev University-де 1-ші курс студенттерінің қыздары арасында «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» атты кездесу өтті. Аталмыш шарада қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріліп, қыздардың сырласы анасы еендіктерін, сондықтан анасынан сыр жасырмау керектігі туралы кеңестер айтылды.

Сонымен бірге, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіліп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндіріліді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер